18 адам тіркелді: Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 569-ға жетті
Жарияланған күні:
Еліміздің алты өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 адам тіркелді. Осылайша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандардың саны 569-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"5 сәуірдің 14.05 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 18 адам тiркелдi, Алматы қаласында – 5, Қарағанды облысында – 4 адам, Түркістан облысында - 4 адам, Ақмола облысында – 3 адам, Атырау облысында 1, Қызылаорда облысында - 1 адам", - делінген хабарламада.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам,
Алматы қаласында – 115 адам,
Қарағанды облысында - 31 адам,
Ақмола облысында - 23 адам,
Атырау облысы - 23 адам,
Жамбыл облысында - 28 адам,
Шымкент қаласында - 13 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам,
Алматы облысында - 10 адам,
Ақтөбе облысында - 10 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 3 адам,
Қызылорда облысында - 31 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 29 адам,
Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 569 науқас тіркелді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны алтыға жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849081-18-adam-tirkeldi-elimizde-koronavirus-infekciasyn-zktyrgandar-569-ga-zetti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.