"Карантин туралы естімедік": Алматыдағы сауна ТЖ кезінде жұмысын тоқтатпаған
Жарияланған күні:
Алматыда қаласында карантин уақыты кезінде жезөкшелердің қызметін ұсынған сауна анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков мәлім етті.
Оның айтуынша, саунаға тәртіп сақшылары кіріп барғанда онда адамдар толы болған.
"Монша жұмысшылары – әкімші, қызмет көрсету қызметкерлері, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар да жұмысын тоқтатпаған. Екі көлік жүргізушісі жалданып жұмыс істеген. Олардың міндеті жезөкшелерді тасу болыпты.
Күніне олар 10 мың теңгеден алып отырған. Моншаға жасалған рейд үстінде клиенттер үшін жеңіл жүрісті 5 ару жеткізілді. Барлығы санитарлық нормалардың ережесін сақтамай, кабинкаларда уақыт өткізген. Сол жерде болғандардың ешқайсысы қалада карантин болып жатқаны туралы естімегендей сыңай танытты”, – деді Әбілбеков.
1990 жылы туған А. есімді мекеме әкімшісі әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылғаны белгілі болды.
“Монша ішінен шыққан басқа адамдарға төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін айып тағылды. Олардың ішінде жеңіл жүрісті 5 әйел, екі көлік жүргізуші және үш клиент бар. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Біз қолға түскен ақпараттың әрқайсысын ұдайы тексеріп отырамыз”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны алтыға жетті.
Соңғы дерек бойынша, қауіпті індетті жұқтырған 569 науқас тіркелген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849095-karantin-turaly-estimedik-almatydagy-sauna-tz-kezinde-zmysyn-toktatpagan/