Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан жазылған қырғызстандықтар оларды ешкім емдемегенін мәлімдеді

Опубликовано:

Коронавирусқа шалдыққан Қырғызстан тұрғындары дәрігерлердің көмегінсіз-ақ жазылып шыққандарын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің айтуынша, кейбір азаматтар тиісті медициналық көмек пен қажетті дәрі-дәрмек алмағандарын жеткізген. Ведомство басшысы бұл мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын алға тартты деп жазды 24.kg.

Министр кейбір адамдарда вирус байқалмайтынын, алайда, олар айналасындағыларға қауіп төндіретінін еске салды.

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Қырғызстан азаматшасының видеосы тараған. Ол екі апталық карантинде болғанын және сол уақытта оны ешкім емдемегенін мәлімдейді.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 584 адамға жеткен.

Сондай-ақ бүгінде аталған аурудан алты адам көз жұмды. Соңғы оқиға Шымкент қаласында тіркелді.

"Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте инфекцияға шалдыққандар саны 14 адамға жетті. Ал Түркістан облысында 28 науқас тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849134-koronavirustan-zazylgan-kyrgyzstandyktar-olardy-eskim-emdemegenin-mlimdedi/

pixel