Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы маңындағы елді мекендерде блок бекеттер жұмыс істей бастады

Жарияланған күні:

Алматы қаласымен шектесетін аудандарда, оның ішінде Іле, Қарасай, Талғар және Жамбыл аудандарында бекеттер қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында 108 бекет жұмыс істеп тұр деп жазды Polisia.kz.

“Ішкі бекеттер арқылы ауылдар арасындағы көліктер мен адамдардың қозғалысына жалпы бақылау күшейтілді. Ішкі жаяу бекеттердің негізгі міндеті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру, ТЖ талаптарының сақталуын және қандай да бір құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету. Бекеттерде полицейлер мен әскерилер қызмет етіп жатыр”, – деді Іле ауданы полиция басқармасының басшысы Марат Күштібаев.

Таңертең ерте Іле және Талғар аудандары полиция басқармаларының жеке құрамы, қорғаныс істері бойынша аудандың бөлім қызметкерлері, Ащыбұлақ ауылдық округінің №78460 әскери бөлімшесінің және Жетіген ауылының №65229 әскери бөлімшесінің жеке құрамы коронавирус індетінің жаппай таралуының алдын алу бойынша өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындау үшін басшылықтың жалпы тапсырмасын тыңдауға әкімдік алдындағы алаңда бірыңғай сап түзеді.

"Алдын алу шараларын жүргізуге жұмылдырылған жеке құрам толыққанды дайын. Қоғамдық тәртіпті сақтауға және Алматы облысы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 4 қаулысына сәйкес енгізілген шектеулерін қамтамасыз етуге кірісті”, – деп толықтырды Күштібаев.

Іле ауданы бойынша патрульдеу бағыттарына Жетіген, Энергетик, Ащыбұлақ және Боралдай ауылдық округтері енді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда мегаполис аумағына кіріп-шыға алатын азаматтардың тізімі өзгертілгенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849235-almaty-oblysy-mayndagy-eldi-mekenderde-blok-beketter-zmys-istej-bastady/