Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде маска тағып жүру дұрыс па: Алматының бас санитары жауап берді

Опубликовано:

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова көшеде медициналық бетперде тағуға қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медициналық бетперде тағуға қатысты ұсыныстарын өзгертті, қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымы бетперде тағу аурудың алдын алатын шаралардың бірі деп санайды. Алайда мен эпидемиолог ретінде көшеде біреу сөйлеспесеңіз, бірге жүрмесеңіз мұндай қажеттілік (маска тағу) жоқ деп ойлаймын", - деді Молдағасымова.

Сондай-ақ, қаланың бас санитар дәрігері жабық бөлме ішінде бетперде тағу дерттің алдын алу шараларының бірі екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин кезінде көшеде бетпердемен жүруге қатысты ұсынысын бірнеше рет өзгертті. Бастапқыда көшеде бетперде тағудың қажеті жоқ екенін айтса, қазір міндетті түрде бетперде тағуды ұсынып отыр.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 685-ке жетті.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 47 адам айығып, ауруханадан шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849456-ksede-betperde-tagyp-zru-drys-pa-almatyny-bas-sanitary-zauap-berdi/

pixel