Алматы маңында оқшауланған "Асыл Арман" кешенін арнайы әскерилер күзетеді (фото)
Жарияланған күні:
Алматы маңындағы оқшауланған "Асыл Арман" тұрғын үй кешенін 78 адамнан тұратын әскерилер күзетеді. Бұл рота бір күн бұрын еріктілер қатарынан құрылды. Қазір әскерилр қызметіне кірісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, әскерге шақырылғандар күніне екі рет - 8.00-де және 20.00-де ауысып отырады.
7 сәуір күні таңертең оларды оқшауланған тұрғын үй кешеніне арнайы көліктер алып келді.
Содан кейін салтанатты сапқа тұру жүргізілді, жауынгерлік әзірлік туралы есеп оқылды, содан кейін әскери қызметшілер өз лауазымдарына тағайындалды.
Әкімдіктегі орталық өткізу пункті "ыстық нүкте" деп аталды. Онда жүк жеткізушілердің құжаттарын тексеру іске асады, сондай-ақ ТК аумағына кіру әрекеттерінің жолын кеседі.
Ерікті Самрад Сағынаевтың айтуынша, ол - банктердің бірінің қызметкері, ЖОО жанындағы әскери кафедраны бітірген. Қазір 1-ші взвод командирі болды.
Әкімдіктің хабарлауынша, "Асыл Арман" карантинге 1 сәуірде жабылды. Ол екі аптаға созылады. Осы уақыт ішінде блокпостарда полицейлер мен әскери қызметкерлер қызмет атқарады.
Бөлім тұрғындардан жағдайды түсіністікпен қарауды өтінді, өйткені бұл шаралар коронавирусты таратпауға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы маңындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешеннің карантинге жабылғаны туралы хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849484-almaty-maynda-oksaulangan-asyl-arman-kesenin-arnajy-skeriler-kzetedi-foto/