Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаназа кезінде ұялы телефон ұрлаған ауыл тұрғыны ұятқа қалды

Опубликовано:

Түркістан облысының тәртіп сақшылары жаназа кезінде ұялы телефон ұрлаған әйел адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне Ордабасы аудандық полиция бөлімшесінен жергілікті тұрғынының арызы келіп түскен.

Жәбірленуші Қазығұрт ауданына туысының жаназасына келгенін, үйде отырған жерінде ұялы телефонын қалдырып кетіп, қайта кірген уақытта телефонын таппай қалғанын айтты.

Осылайша оған 100 000 теңгеден аса шығын келген.

Аталған арыз, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 188 бабы ("Ұрлық") бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары қолды болған "Самсунг" маркалы ұялы телефонының жеке кодтары бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын бастап, екі күннің ішінде күдіктіні қолға түсірген.

Полицияның мәліметінше, ол егде жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында күдікті әйелдің телефонда сатып жіберіп, ақшасын өз пайдасына жаратқаны анықталды.

Тәртіп сақшылары жоғалған телефонды айғақ зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ​​​​​​​​​

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ұялы телефондарыңызға, бағалы заттарыңызға, әмияндарыңызға барынша сақ болыңыздар деп ескертеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтөбеде мектеп оқушысы 717 мың теңге тұратын ұялы телефонын автобустың ішінде ұрлатып алған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849825-zanaza-kezinde-aly-telefon-rlagan-auyl-trgyny-atka-kaldy/

pixel