Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мейрам болады": Самедов карантиннен кейінгі Қазақстанның өмірі туралы айтты

Опубликовано:

Белгілі көріпкел Камрян Самедов коронавирус пандемиясы салдарынан енгізілген карантин режимі аяқталған соң, Қазақстанның өмірі қандай болатынын айтты. Ол қауіпті індеттің тарауы бәсеңдегеннен кейін елімізде мейрам орнайтынына сендірді деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: NUR.KZ/Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Камрян Самедов карантин кезеңі соңына жеткен бойда қазақстандықтарды үлкен мейрам күтіп тұрғанын жеткізді.

Оған қоса, көріпкел мемлекеттегі дағдарыс мәселесіне тоқталып, саясаттағы өзгерістерге қатысты болжам айтты.

"Карантиннен кейін Қазақстан үлкен мейрам тойлайтын болады. Қаржы және экономика саласы ақырындап өз орнына келуі керек. Бірақ, мен сенімді түрде адамдардың көңіл-күйі жақсы болатынын айта аламын.
Әлем бойынша айтарлықтай, үлкен әсер ететіндей дағдарыс болмайды. 10-15 % ғана болуы мүмкін. Үлкен қиыншылық көріп тұрған жоқпын. Қазақстанда 2020 жылы ешқандай саяси өзгеріс болмайды. Мен оны көріп тұрғам жоқ" , - деді көріпкел.

Айта кетейік, бұған дейін Камрян Самедов коронавирустан Қазақстанда қанша адам көз жұматынын айтқан болатын. Ол елімізде Италиядағыдай көп өлім болмайтынын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849925-mejram-bolady-samedov-karantinnen-kejingi-kazakstanny-miri-turaly-ajtty/

pixel