jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Алматыда 15 сәуірден кейін карантин мерзімі аяқтала ма

    : UGC

    Алматыда 15 сәуірден кейін карантин алына ма? Бұл сұраққа Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
    Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

    Молдағасымова аталған мәселе мемлекеттік комиссия жедел штабының қарамағында тұрғанын және шешімді тек штаб қабылдай алатынын айтады. Оның сөзінше, мемлекет қабылдаған шараларды ұстану, әсіресе, өз-өзін оқшалау мен карантин режимін сақтау Алматыдағы коронавирус жұқтыру деңгейін азайтуға әсер етті. Бір тәулікте оңтүстік астанада екі жаңа жағдай тіркелді.

    Қазіргі уақытта қалада коронавирус жұқтырудың 121 дерегі расталған, олардың 99-ы ем қабылдап жатыр. Жаңа тіркелген қос науқас- осыған дейін COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған.

    Айзат Молдағасымованың айтуынша, бүгінде стационарларда карантинде 877 азамат, үй карантинінде 5217 адам, инфекциялық стационарларда 211, провизорлық стационарларда 301 адам жатыр. Тағы 388 адам карантиндік госпитальде.

    Санитарлық дәрігер барлық деректің 65 пайызы науқастармен байланысқандар, 30 пайызы сырттан келгендер, ал 5 пайызы жергілікті тұрғындар екенін еске салды. Бардық кезеңде 13 811 адам тестілеуден өткен, олардың 813-і ПТР әдісі бойынша тексерілген. Қазір коронавирусқа тестті төрт зертхана өткізеді, олардың бірі жекеменшік. Тағы 55 мың текст алдағы уақытта тестілеу өткізу үшін даярланды.

    Молдағасымова коронавирус карантин соңында, 11- 12-күні оқшауланған тұлғаларда анықталуы мүмкін екенін атап өтті.

    Айта кетейік, танымал көріпкел Камрян Самедов Қазақстандағы коронавирус пандемиясына қатысты бірқатар болжам айтты.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Алматыда 15 сәуірден кейін карантин мерзімі аяқтала ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.