Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге кірісті

Опубликовано:

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кірісті. Бұл туралы ғылыми-зерттеу институттың бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Күнсұлу Закарьяның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қазіргі уақытта бірнеше мемлекет 54 кандидат вакцина әзірлеуде. Олардың ішінен клиникалық сынақтар кезеңіне әзірге екеуі ғана өткен.

Ал қазақстандық институт барлығы 4 кандидаттық вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның ішінде екеуі векторлық және вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде, екеуі суббірліктік.

Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан кейін олардың ішінен ең тиімді және қауіпсізі таңдалып алынады.

Закарьяның сөзінше, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары биологиялық қауіпсіздігі 3-деңгейлі BSL-3 зертханаларында нақты SARS-CoV-2 коронавирус штаммдарымен жұмыс атқаруда.

Вакцинаны әзірлеу тәулік бойы жүргізілуде.

Айта кетейік, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ДДСҰ денсаулық сақтау саласына арналған аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу жөнінде шарт жасасқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы аз уақыттың ішінде COVID-19 инфекциясын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін жасап шығарған отандық ғалымдарға алғысын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849962-kazakstandyk-galymdar-koronaviruska-karsy-vakcina-zajyl-ajtyp-berdi/

pixel