jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Дәурен Абаев Елбасының денсаулығына қатысты қауесетке пікір білдірді

: UGC

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына қатысты тараған қауесетке пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz: UGC

Министр әдеттегідей Хабар арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасының қонағы болып, сұхбат барысында Елбасының денсаулығына қатысты тараған сыбыстарға да жауап қатты.

"Оның денсаулығына қатысты қауесеттерге келер болсақ, мен бұл жерде бір жайтты айтып берейін. Осыдан 10 жыл бұрын енді ғана Нұрсұлтан Әбішұлының баспасөз хатшысы болған кезде, интернет сайттардың бірінде Елбасының ауыр сырқаты жайлы хабар шықты. Мен жағамды ұстадым. Себебі күндіз ғана оның төрағалығымен өткен жиналысқа қатысқам. Кешке таман шыдай алмай бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлына айттым", - деген министр Елбасының өзіне не деп жауап бергенін есіне алды.
"Менің қасымда қызметіңді енді бастап жатырсың ғой. Бір дүние есіңде болсын. Балақтың шаңын қаға берсең, баратын жерге уақытыңда жете алмайсың. Ондай әңгімені тілеулес жұрт уайымдап айтса, мысықтілеу адамдар әдейі айтады. Оның бәрін тыңдай берсең, жұмысты кім істейді? Сондықтан әр осындай сөзге көңіл бөле берме!", - деген тұңғыш президенттің сөзін Дәурен Абаев мысал етті.

Айта кетейік, Елбасының денсаулығына қатысты қауесеттерге бұған дейін өзінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да пікір білдірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Дәурен Абаев Елбасының денсаулығына қатысты қауесетке пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.