Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 адам болған: Алматыда жасырын жұмыс істеген рестобар әшкере болды

Опубликовано:

Алматыда карантин кезінде жұмысын жалғастырған рестобар анықталды. Қаланың қақ ортасында орналасқан көңіл көтеру орны негізгі кіреберісін жауып, қызметін тоқтатқандай сыңай танытқан. Алайда тұрақты тұтынушыларын қосымша есік арқылы кіргізіп, сауық-cайран жасаған көрінеді. Полиция қызметкерлері заң бұзушылық әрекеттерін әшкерелегенде рестобардың ішінде 22 адам болған. Олардың екеуі кәмелет жасына толмағандар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Телеарна мәліметінше, көңіл көтеру орнында 13 жастағы екі жасөспірім болған. Біреуі рестобарда даяшы болып қызмет етсе, ал екіншісі үлкендермен еріп келген.

Одан бөлек, бұнда көші қон заңын бұзған Өзбекстанның үш азаматы жұмыс істегені белгілі болды. Олар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін елдеріне қайтарылмақ.

Бұл заң бұзушылыққа байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек пікір білдірді. Оның сөзінше, рестобарда болғандардың барлығы жауапқа тартылады.

"Бүгінгі таңда бұл 22 азаматтың барлығына әкімшілік кодекстің 476-шы  бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жіберілді", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Алматыда төтенше жағдай режимі жарияланса да жұмысын тоқтатпаған сауна анықталған еді. Белгілі болғандай, онда жезөкшелер қызмет көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850025-22-adam-bolgan-almatyda-zasyryn-zmys-istegen-restobar-skere-boldy/

pixel