Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы тіркелген 28 адам коронавирусты қайдан жұқтырған

Опубликовано:

11 сәуірде COVID-19 инфекциясы анықталған қазақстандықтарға қатысты жаңа дерек шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус жұқтырған 28 адам Нұр-Сұлтан (1 адам), Алматы қаласы (5 адам) мен Атырау (11 адам), Қызылорда (11 адам) облыстарында тіркелген еді.

Анықталғандай Алматыдағы бес адам (екі әйел және үш ер адам) бұрын ауырғандармен байланыста болған. Полисегментальды пневмонияға байланысты екі ер адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Қалғандарының бәрінің жағдайы қанағаттанарлық.

Қызылорда облысында COVID-19 анықталған 11 адамға келер болсақ, вирус жұқтырғандардың 8 жағдайы Сырдария ауданында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Қазалы ауданында тіркелген.

Зертханалық сынамалар 10 пациенттің коронавирус анықталған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған.

Ал Қазалыда анықталған тұрғыннан сынама Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынған.

Атырау облысындағы 11 адамға келсек, олар бұрын COVID-19 инфекциясы табылған пациенттермен байланыста болғаны үшін оқшауланған жандар.

Қазір барлық пациенттер бекітілген емдеу хаттамасына сәйкес тиісті ем алып жатыр.

Сондай-ақ, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып медициналық бақылауға алынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850202-sogy-tirkelgen-28-adam-koronavirusty-kajdan-zktyrgan/

pixel