Түркияның 31 провинциясында коменданттық сағат енгізілді
Жарияланған күні:
Түркия билігі елдің коронавирустың тарлауын тоқтату шарасы аясында елдің 31 провинциясында коменданттық сағат жариялады KAZ.NUR.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Үйден шығуға 48 сағатқа салынған тыйым 11 сәуір күні түннен 13 сәуір күні 00:00 дейін жалғасады.
Сонымен қатар шектеу шаралары ел астанасы Анкара мен ірі қаласы Стамбұлға да қатысты.
Провинция губернаторларына тиісті өкімхат жіберілген.
Хабар24-тің хабарлауынша, тұрғындар сенбі және жексенбі күнгі қолайлы күн райын пайдаланып, саябақтар мен демалыс орындарына ағылады. Соның алдын алу үшін ел үкіметі осындай қадамға барып отыр.
Ішкі істер министрінің мәлімдемесіне сай, 48 сағат ішінде шаһарларда тек қана наубайхана, дәріхана мен су тасымалдаушы фирмалар қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, тұрмыстық қажеттілікті қамтамасыз ететін сала қызметкерлері жұмысын жалғастырады.
Соңғы мәлімет бойынша, жалпы елде коронавирс жұқтырғандар саны 47 мыңнан асып, көз жұмғандар саны 1006-ға жеткен.
1667 пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланса, 2423 адам COVID-19 инфекциясынан жазылып шыққан. Бүгінде елде 300 мыңнан аса адамға сынама жасалған.
Айта кетерлігі, Түркияда төтенше жағдай жарияланбаған. Ал бұған дейін 31 провинцияда қалааралық көлік қатынасы тоқтатылған.
Айта кетейік, Түркияда білім алып жүрген қазақ қызы коронавирус пандемиясы кезіндегі елдегі жағдайды баяндап берген еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850208-trkiany-31-provinciasynda-komendanttyk-sagat-engizildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.