Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 11 дерек тіркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 972- ге жетті

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 972- ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы 11 дерек тіркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 972- ге жетті
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам Қарағанды облысында анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында 172 адам, Қарағанды облысында 76 адам, Ақмола облысында 71 адам, Атырау облысында 59 адам, Жамбыл облысында 46 адам, Шымкент қаласында 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында 6 адам, Алматы облысында 21 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам, Павлодар облысында 10 адам, Маңғыстау облысында 10 адам, Қызылорда облысында 119 адам, Батыс Қазақстан облысында 9 адам, Түркістан облысында 43 адам, Қостанай облысында 3 адам - жалпы 972 адам тіркелді.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асты.

Соңғы тәулік ішінде әлемде 6 946 жаңа өлім мен ауру жұқтырудың 90 787 жаңа фактісі тіркелген. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтыру фактісінің басым жағдайы әдеттегідей еуропалық аймақта тіркеліп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850391-tagy-11-derek-tirkeldi-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-972--ge-zetti/

pixel