42500 теңге: Жәрдемақы берілмеуінің негізгі себептері белгілі болды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігінің жедел штабы кейбір қазақстандықтарға елдегі төтенше жағдай режимі кезінде 42 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы берілмеуінің негізгі себептерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 42 500 теңге тағайындалмау себептері мынадай:
- өтінімдердің қайталануы - штаб дерегінше, бір миллионнан астам өтініш қайталанған;
- тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері) және зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылардан (ТЖ енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемегендер) - жарты миллионға жуық өтінім келіп түскен;
- өтінім беруші бойынша төтенше жағдай енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘУ/БТЖ/МЗЖ немесе өтінім берген уақытқа дейін БТЖ табылмады (бейресми өзін жұмыспен қамтушылар тұрғысынан);
- 63 222 мың өтінімде жұмыс берушінің БСН/ЖСН дерегі, өтінім берушінің ЖСН дерегі көрсетілмеген немесе дұрыс емес көрсетілген;
- 370-тен астам өтінім Қазақстан аумағынан тыс жерде тұратын немесе марқұм болып кеткен адамның атынан берілген.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге қатысты қазақстандықтарды қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берген еді.
Оның алдында мемлекет басшысы Тоқаев төлем карталарын қашықтан алу мәселесін 3 күн ішінде шешуді талап етті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850582-42500-tege-zrdemaky-berilmeuini-negizgi-sebepteri-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.