88 жағдай тiркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1179-ға жетті
Жарияланған күні:
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 88 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандардың саны 1179-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"14 сәуірдің 10:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 адам тiркелді, Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 4 адам, Шымкент қаласы - 1, Атырау облысы - 1, Түркістан облысы - 3, Қарағанды облысы - 1", -делінген хабарламада. ⠀
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 264 адам,
Алматы қаласында – 346 адам,
Қарағанды облысында - 79 адам,
Ақмола облысында - 73 адам,
Атырау облысында - 63 адам,
Жамбыл облысында - 49 адам,
Шымкент қаласында - 39 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам,
Алматы облысында - 22 адам,
Ақтөбе облысында - 11 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам,
Павлодар облысында - 10 адам,
Маңғыстау облысында - 10 адам,
Қызылорда облысында - 119 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 11 адам,
Түркістан облысында - 47 адам,
Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 1179 науқас тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің комитеті еліміздің ғылыми орталықтарының коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейіне қатысты болжамын жариялады. Қазақстанда аурудың ең көп мөлшері сәуір немесе мамыр айларында болады деп күтілуде.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850610-88-zagdaj-tirkeldi-elimizde-koronavirus-infekciasyn-zktyrgandardy-sany-1179-ga-zetti/