Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамзат жеңіп шыққан қатерлі індеттер жайлы не білеміз

Жарияланған күні:

Дүниежүзі тарихында адамзат көптеген індеттерді бастан өткерді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ адамның осы уақытқа дейін қандай қауіпті аурулармен бетпе-бет келіп, жеңе алғанын жазады.

Адамзат жеңіп шыққан жантүршігерлік індеттер қандай
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бубон обасы

Бубон обасы - бактерия оба бацилласынан туындаған өткір ауру.

14 ғасырда қатерлі індет 75 миллионнан аса адамның өмірін қиды. Еуропаның жартысы ауруды егеуқұйрықтан жұқтырған бүргеден зардап шекті.

Паразиттік жәндіктер елге Орта Азиядан жеткізілген. 19 ғасырға дейін оба жазылмайтын ауру болып қала берді. Вакциналар, сарысулар мен антибиотиктердің пайда болуымен ғана бубонды оба ауруы жойылды.

Холера

Холера - антисанитариялық жағдайдан туындаған жедел ішек инфекциясы. Адамзаттың бүкіл тарихында миллиондаған адамдардың өмірін қиған аталған аурудың жеті ауқымды өршуі болған.

Холера инфекциясы ластанған су және тамақ арқылы жұғады, сонымен қатар ауру шыбындар арқылы да жұғады.

Медициналық қауымдастық бұл қорқынышты ауруға қарсы вакцина ойлап тапты. Ауру адам ағзадағы сұйықтықты толтыру курсынан өтеді және антибиотиктерді қолданады.

Шешек

Шешек туралы алғашқы анықтамалар біздің дәуіріміздің 4 ғасырында кездеседі. Вирустан зардап шеккен алғашқы елдердің бірі Қытай болды. Ауру өте жұқпалы. Одан денеде бөртпелер пайда болады.

ХХ ғасырда шешек 400 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Ұзақ уақыт бойы шешек дұғамен емделді. Алайда уақыт өте вакцинаның пайда болуымен және халықты дер кезінде вакцинациялаудың арқасында ауру жойылды.

Іш сүзегі

Іш сүзегі - бұл қызба мен терінің бөртпелерін тудыратын өткір ішек ауруы.

Олар суда бір айға дейін, азық-түлік өнімдерде - 10 күнге дейін сақталады. Айта кету керек, хлорамин, карбол қышқылы және этил спирті әсерінен іш сүзегі бактериялары бірнеше минут ішінде өледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда cоңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 174 науқас тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850654-adamzat-zeip-sykkan-katerli-indetter-zajly-ne-bilemiz/