Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғы реніштерді еске алатын кез емес": Біртанов қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады

Жарияланған күні:

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов қазақстандық дәрігерлерге жүгінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ескі реніштерді еске алатын кез емес": Біртанов қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады
Фото: news.myseldon.com: UGC

Министр Facebook-тегі парақшасында барлық әріптестеріне үндеу жолдады.

Біртановтың жазуынша, ақ халаттылар қаңтар айынан бастап, демалысссыз, тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Еліміздің бас дәрігері көптеген қазақстандық дәрігерлердің шаршағанын, эмоционалдық тұрғыдан әлсірегенін, туыстарын сағынғанын жеткізді. Оның сөзінше, кейбіреулер, тіпті, коронавируспен күресіп жүріп аурухана кереуетіне таңылған.

Cондай-ақ, министр әріптестерімен, оларға азық-түлік жеткізіп, қарапайым карантин ережелерін сақтап, көмек қолын созып жүрген қазақстандықтармен мақтанатынын айтты.

Сонымен қатар Біртанов өз жазбасында соңғы кездері Интернетте дәрігерлердің қызметіне қатысы болуы мүмкін көптеген "қажетсіз" ақпараттың пайда болғанын да айта кетті.

Осы орайда еліміздің бас дәрігері әріптестерінен "диванда жатып пікір айтатындардың" сөздерін жүрекке жақын қабылдамай, шыдамды болуды сұрады.

Министрдің сөзінше, қазір бар күшті салып жұмыс істейтін қиын күндер туып отыр. Сондықтан ол әріптестерін бұрынғы реніштерді ұмытып, жұмысқа жұмылуға шақырды.

"Қазір бізден тек шыдамдылық пен кәсіби іс-әрекет талап етілуде. Жұмысқа ден қойғанымыз маңызды. Бұрынғы реніштерді еске алатын кез емес. Біз олардың бәрін індет басылғанда шешеміз. Оны шешу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Елжан Біртанов.

Министр ауру басылған кезде көптеген мәселелердің шешілетініне уәде берді. Сөз соңында Біртанов дәрігерлер бүгінгі күннің нағыз батырлар екенін айтып, бұл індетті жеңетінімізге сенім білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850697-bryngy-renisterdi-eske-alatyn-kez-emes-birtanov-kazakstandyk-drigerlerge-ndeu-zasady/