Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласында тағы 8 адам коронавирустан емделіп шықты

Опубликовано:

Алматы қаласында коронавирустан тағы 8 адам жазылып шықты. Осылайша, елімізде қауіпті індеттен айыққандар саны 150-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оңтүстік астанада аурудан айыққандардың төртеуі ер адам, ал төртеуі әйел адам.

Олардың жетеуі бұрын КВИ жұқтырғандармен байланыста болған. Біреуі Санкт-Петербургтен ұшып келген. Барлығы енді үйде 14 күндік карантинде болады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүгінде жалпы ел аумағында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1179 адам анықталып отыр. Олардың 150-ы жазылып шықса, 14-і қайтыс болған.

Жазылып шыққандар Нұр-Сұлтан (64), Алматы (58), Шымкент (2) қаласы мен Ақтөбе (2), Алматы (5), Атырау (5), Ақмола (4), Батыс Қазақстан (1), Жамбыл (3), Қарағанды (1), Қызылорда (2), Маңғыстау (1), Павлодар (1) және Солтүстік Қазақстан облысында (1) тіркелген.

Ал өлім жағдайы Нұр-Сұлтан (2), Алматы қаласы (2), Шымкент (2) қаласы мен Ақмола (4) Шығыс Қазақстан (1) Қарағанды (1), Павлодар (1), Түркістан облыстарында орын алған.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты елде жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850724-almaty-kalasynda-koronavirustan-tagy-8-adam-emdelip-sykty/

pixel