Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 23 адам тіркелді
Опубликовано:
Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 23 адам анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 14 сәуір 18:30-дағы эпидемиологиялық жағдай: Коронавирус жұқтырған 23 адамның төртеуі Алматы қаласында, төртеуі Нұр-Сұлтан қаласында, бесеуі Түркістан, алтауы Ақмола, екеуі Қостанай, екеуі Алматы облысында.
Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы – 268
Алматы қаласы – 350
Шымкент қаласы – 39
Ақмола облысы – 79
Ақтөбе облысы – 11
Алматы облысы – 24
Атырау облысы – 63
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 49
Батыс Қазақстан облысы – 11
Қарағанды облысы – 78
Қостанай облысы – 5
Қызылорда облысы – 119
Маңғыстау облысы – 10
Павлодар облысы – 10
Солтүстік Қазақстан облысы – 26
Түркістан облысы – 49.
Бүгінде еліміз бойынша барлығы 1199 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр.
Олардың 203-і коронавирустан жазылып шықса, 14-і қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды. Мемлекет басшысының қаулысы Ақорда сайтында жарияланды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850737-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-23-adam-tirkeldi/