Нұр-Сұлтанда "Әбу-Дәби" жұмысшысы мен ЖЭЦ қызметкерінен коронавирус анықталды
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан әкімдігінде "Әбу-Дәби Плаза" құрылысы мен ЖЭЦ-2 ("Астана Энергия" АҚ) аумағында ауқымды дезинфекция шаралары жүріп жатқанын хабарлады. Қос мекемеде бір-бір қызметкердерден коронавирус инфекциясы анықталған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында "Астана Энергия" АҚ қызметкері мен "Абу-Даби Плаза" жұмысшысынан коронавирус табылғаны хабарланды.
"Астана-Энергия" АҚ аумағында әскери бөлімдермен бірлесіп дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Науқаспен жақын байланыста болған 11 адам (9 адам жұмыс барысында) үй карантиніне алынды. Ал коронавирусқа шалдыққан адам стационарда жатыр.
Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысы жалғастыруда. Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Көлік дезинфекцияланып, қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.
"Абу-Даби Плаза" қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмағандықтан әріптестерімен қарым-қатынаста болмаған. Науқаспен жақын қатынаста болған 2 адам анықталды (ұйым қызметкерлері емес).
Қазіргі таңда біреуі стационарда, екіншісі үй карантинінде. Науқас қызметкердің әріптестерімен қатынаста болмағанына қарамастан жұмыс уақытша тоқтатылды. Аумақта дезинфекция жүргізілді. Жақын арада жұмыс қайта басталады.
Нұр-Сұлтанда барлығы 268 адам коронавируспен ауырып, 110 адам сауықты.
Айта кетейік, бұған дейін елордада он бірдей нысан карантинге жабылған болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850773-nr-sltanda-bu-dbi-zmyssysy-men-zec-kyzmetkerinen-koronavirus-anyktaldy/