Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: Коронавирус шошқа тұмауынан он есе қауіпті

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирус инфекциясының шошқа тұмауына қарағанда он есе қауіпті екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

ДДСҰ: Коронавирус шошқа ауруынан 10 есе қауіпті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Гебрейесус шошқа тұмауы пандемиясының 2009 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың тамызына дейін созылғанын және осы уақыт ішінде 1,6 миллионнан аса адамның жұқтырғанын атап өтті.

Тұмаудан 18 449 адам көз жұмған.

Ал CoViD-19 Қытайда 2019 жылдың желтоқсан айының соңында пайда болған, қазірдің өзінде оны екі миллионға жуық адам жұқтырып, ал вирустан зардап шеккендер саны тұмаудан қайтыс болғандар санынан он есе асып кеткен.

"Біз тек білгенімізді айта аламыз және тек өзіміз білетін нәрсеге сүйене отырып әрекет етеміз. Бірнеше елдердің мәліметтері бізге осы вирус туралы, оны қалай тоқтатуға болатыны және оны қалай емдеу керектігі туралы нақты түсінік береді", - деген ДДСҰ бас директорының сөзін келтірді The Independent басылымы.

Гебрейесус өзге мемлекет басшыларына вирустың адам денсаулығына әсерін әлеуметтік қашықтық шараларын босаңсытқан кезде бірінші кезектегі мәселе ретінде қарастыруды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцина сынағын дайындауға бағытталған алғашқы тест жұмыстарының басталғанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850786-dds-koronavirus-soska-auruynan-on-ese-kauipti/

pixel