Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кей күндері қатты ауырдым": Коронавирустан жазылған 82 жастағы әжейдің жағдайы қалай

Опубликовано:

82 жастағы Алматы тұрғыны Нұрбағи Қапасова жасына және созылмалы ауруларының болуына қарамастан коронавирустан жазылып шықты. Қазір зейнеткер өзін әлдеқайда жақсы сезінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Нұрбағи Қапасова. Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Нұрбағи Қапасова. Фото: Sputnik / Абзал Калиев: Facebook

82 жастағы Нұрбағи Қапасова тойға қатысу үшін Нұр-Сұлтанға барған. Алайда, туыстарының бірінен COVID-19 анықталып, 22 наурыз күні әжей отбасындағы он адаммен бірге жергілікті ауруханаға карантинге жатқызылған.

Ол жерде қарт кісінің инфекция жұқтырғаны анықталады. Басында аурудың белгілері байқалмағанымен кейін пневмония мен дене қызуы пайда болған.

"20 күн ауруханада жаттым. Кей күндері қатты ауырдым. Ондай сәттерде ауруханадан мүлдем шықпаймын, балаларым мен немерелерімді көре алмаймын деп ойладым. Өйткені жасым 82-де. Бірақ дәрігерлер емдеп, қолынан келгенін аямады. Аллаға шүкір, бәрі артта қалды", – дейді ол.

Әжей вирусқа қарсы дәрі-дәрмек ішкендіктен, асқазан-ішек сырқаты, буын ауруы пайда болған.

"Коронавирустың салдарынан созылмалы ауруларым мазалай бастады. Аяғым ауырады, ісініп кетеді, буындар қақсайды. Үйге келдім, жүре алмаймын. Бірақ балаларыма аман-есен оралғаныма қуаныштымын", – дейді Нұрбағи әжей.

Коронавирус жұқтырғанға дейін әжейде созылмалы бронхит және гипертония болған екен.

"Қазір жағдайым жақсы деуге болады. Мені емдеген дәрігерлерге алғыс айтамын. Әсіресе, Сабыр деген дәрігерді атап өткім келеді. Осындай мамандар, мейірімді адамдар көп болса екен", – дейді зейнеткер.

Кешенді емдеуден кейін Нұрбағи әжейде COVID-19 инфекциясына жүргізілген екі талдау да теріс нәтиже көрсеткен. Қарт кісі ауруханада 23 күн ем алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 82 жастағы әжейдің коронавирустан жазылып шыққанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850795-koronavirustan-zazylgan-82-zastagy-kazakstandyk-zejdi-zagdajy-kalaj/

pixel