Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер қолдан жасалған антисептиктің зиянын айтты

Опубликовано:

Ресейлік фармаколог дәрігері Игорь Федоров үй жағдайында дұрыс дайындалмаған антисептиктің коронавирусты өлтіре алмайтынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Дәрігер қолдан жасалған антисептиктің зиянын айтты
Фото: pixabay.com: UGC
"Ең бастысы, мұндай құралдарды үй жағдайында дайындамаңыз, себебі спиртті дұрыс мөлшерде қосып, дұрыс үйлестіре алуыңыз екіталай. ДДСҰ бізге құрамы 62 пайыздан асатын спирт қана вирусты жоя алатынын, қалған антисептик инфекцияны өлтіруге қауқарсыз екенін айтады", – дейді Федоров.

Оның сөзінше, антисептик дұрыс дайындалмаса, сақтануға көмектесе алмайтын көрінеді.

"Сіз қолыңызға антисептик сеуіп, қолыңызды тазартқандай боласыз, ал шын мәнінде, қолыңыз еш тазармады, және бұл өміріңіздегі үлкен қателік болуы мүмкін. Сондықтан спирттің негізінде жасалған кез келген антисептик құралын сатып алыңыз, ол вирусты санаулы минут ішінде жоқ қылады", – деп түсіндірді фармаколог.

Сондай-ақ, Федоров құрамында спирт жоқ антисептиктердің неліктен нашар екенін айтты.

"Құрамында спирті жоқ антисептиктер жайлы айтсақ, олардың құрамында хлогексидин болады, ал ол өз кезегінде тек кейбір бактерияларды жояды, ал вирусқа қарсы мүлде әсер етпейді", – дейді дәрігер.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік белгілі тележүргізуші, дәрігер Елена Малышева коронавирустан қорғанудың жолын тапқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850807-driger-koldan-zasalgan-antiseptikti-zianyn-ajtty/