Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тапсырмасын орындамаймын": Халқын ойлаған Нью-Йорк губернаторы Трампқа қарсы шықты

Опубликовано:

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо ел президенті Дональд Трампқа бағынбай, оның коронавируспен күрес бойынша жарлығын орындаудан бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Эндрю Куомо. Фото: bbc.com
Эндрю Куомо. Фото: bbc.com: Facebook

Нью-Йорк басшысы CNN телеарнасының тікелей эфирінде президенттің тапсырмасына наразылығын білдірді.

"Егер Трамп маған карантинді тоқтатып, штатты ашуға бұйрық берсе, осылайша халықтың денсаулығына қауіп төндірсе, оның тапсырмасын орындамаймын", – деп мәлімдеді губернатор.

Эндрю Куомо Трамптың мұндай шешімін "диктаторлық" деп бағалап, оның қауіп тудыратынын айтады.

Губернатор карантинді жай ғана тоқтатуға болмайтынын, санитарлық шектеу шараларын алып тастау бірнеше айлық жұмыс екенін жеткізді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге Америка Құрама Штаттарында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 25 мыңнан асты.

Нақты айтқанда, елде өлім деңгейі 4,86%-ға жеткен.

Сондай-ақ АҚШ коронавирустан ең көп зардап шеккен ел болып саналады. Елде 612 мыңнан аса америкалық COVID-19 инфекциясын жұқтырған, олардың 9 мыңға жуығының жағдайы ауыр.

BNO News басылымының мәліметінше, 33,8 мың пациент вирусты жеңіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850814-ony-tapsyrmasyn-oryndamajmyn-halkyn-ojlagan-nu-jork-gubernatory-trampka-karsy-sykty/

pixel