Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bentley көлігінің жүргізушісі блок-бекеттен қалай өтіп кеткенін көрсетіп, мақтанды (видео)

Опубликовано:

Bentley көлігінің жүргізушісі жолаушысымен бірге бақылау-өткізу бекетінен өтіп бара жатқан сәтін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда Bentley көлігінің жүргізушісі блок-бекеттен өтіп кетіп, іс-әрекетін видеоға түсірді
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бұл жайт Алматы облысында болған.

35 жастағы элиталық автокөлік иесі 30 жастағы жолаушысымен бірге әлеуметтік желі қолданушыларына өздерінің қаншалықты "мықты" екенін көрсетпек болған.

Олар шетелдік көлік салонында отырып блок-бекеттен қалай өтіп кетіп бара жатқанын видеоға түсіріп алған. Кадрдан тәртіп сақшыларының шетке қарай ығысып қалғанын көруге болады.

Polisia.kz-тің мәліметінше, өңірлік полиция екі адамның төтенше жағдайды бұзу бабы бойынша жауапқа тартқан.

Департамент бұл видео жастардың заңсыз әрекеттерін дәлелдейтін айғақ болғанын атап өткен.

Енді ер азаматтарға қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Алматыда адамдарды заңсыз өткізбек болған қоқыс көлігінің жүргізушісі ұсталғаны туралы жазған едік.

Анықталғандай ер адам жолаушыларды көлігіне мінгестіріп, оларды облыстан қалаға жасырын кіргізбек болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850844-bentley-kligini-zrgizusisi-almatyda-blok-beketten-kalaj-tip-ketkenin-krsetip-maktandy/

pixel