Тағы 4 науқас жеңді: Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 207-ге жетті
Жарияланған күні:
15 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт науқас емделіп, ауруханадан шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Алматы облысы мен Қарағанды облысында бір науқас, Қызылорда өңірінде екі науқас ауруханадан шықты. Осылайша, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны 207-ге жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 110,
Алматы қаласы – 58,
Шымкент қаласы – 2,
Ақтөбе облысы – 2,
Алматы облысы – 6,
Атырау облысы – 12,
Ақмола облысында – 4,
Батыс Қазақстан облысы – 1,
Жамбыл облысы – 3,
Қарағанды облысы – 2,
Қызылорда облысы – 4,
Маңғыстау облысы – 1,
Павлодар облысы – 1,
Солтүстік Қазақстан облысы – 1.
Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1275-ке жеткен.
Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар 25 мыңнан, вирус жұқтырғандар 612 мыңнан асқан. BNO News мәліметінше, 33,8 мың пациент COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққан.
Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850892-tagy-4-naukas-zedi-elimizde-koronavirustan-zazylgandar-sany-207-ge-zetti/