Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда вирус жұқтырған науқастарды емдеуге дәрігерлер жете ме

Опубликовано:

Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері ауруханаға жатқызылған соң науқастарды емдейтін дәрігерлер жете ме? Бұл сұраққа оңтүстік астанадағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы ОҚКА-да коронавирус шықты: Науқастарды емдеуге дәрігерлер жете ме
Фото: NUR.KZ: Facebook

Оның сөзінше, клиника дәрігерлері жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Бірақ ақ халаттылар дертті КВИ белгілері мүлде байқалмаған науқастардан жұқтыруы мүмкін. Әрі қарай инфекция медицина қызметкерлері арасында тараған.

Стационар шұғыл көмек қажет науқастарды қабылдағандықтан, "жедел жәрдемдегі" пациенттерді қаладағы 4- ҚКА және 7-ҚКА-ға бөлген. Одан бөлек, жоспарлы емдеу саны да шектелді. Қалада медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі байқалған жоқ деді Әбілдаев.

Ақ халаттылар ем қабылдағаннан кейін қайтадан қаладағы клиникадағы жұмыстарына оралады. Ал медицина қызметкерлерінің жағдайына келер болсақ, олардың екеуі кеше ауыр халде болған, бүгін жағдайлары жақсарып келеді. 25-інің жағдайы орташа деңгейде ауыр, қалғандарының халі қанағаттанарлық.

Айта кетейік, 12-ауруханада жұмыс істейтін вирус жұқтырған дәрігерлердің жалпы саны 182 адамды құрайды. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850908-almatyda-virus-zktyrgan-naukastardy-emdeuge-drigerler-zete-me/

pixel