Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42500 теңге алу үшін берген өтінішіңіз кері қайтарылса, не істеу керек

Опубликовано:

Кейбір қазақстандықтар елімізде коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген ТЖ режимі кезінде берілетін 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны ала алмай жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42500 теңге алу үшін берген өтінішіңіз кері қайтарылса, не істеу керек
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42500 теңге алудағы мәселелер кімде туындайтынын және оларды қалай шешу қажет екенін айтты. Бұл туралы шенеунік өз Facebook парақшасында жазды.

Маманның айтуынша, мұндай жағдайға Бірыңғай жиынтық төлемді кеш төлеген өз-өзін жұмыспен қамтитын қазақстандықтар тап болып жатыр.

"Өтініштердің кері қайтарылғаны туралы хабарламалар әлі де түсіп жатыр. Негізінен, БЖТ кеш төлеген өз-өзін жұмыспен қамтитын азаматтардан келеді. Яғни, олар бастапқыда өтінім беріп, кейін БЖТ төлеген. Осылайша, жүйе төлемді көрмей, бас тартқан. Кейде банктер БЖТ төленгені туралы ақпаратты бірден ұсынбайды. 1-3 күн кешіктіреді",- деді Мұқышев.

Вице-министрдің сөзінше, ТЖ кезінде расымен табысынан айырылған және БЖТ төлеген азаматтар 42500.enbek.kz сайтына екінші рет өтініш бере алады.

Айта кетейік, күні кеше Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев қазақстандықтардың 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемге қатысты жиі қоятын сұрақтарына жауап берді. Ол ТЖ режимі мен карантин талаптары салдарынан табысынан айырылған азаматтарға даулы оқиғалардың туындау себебін түсіндірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850952-42500-tege-alu-sin-bergen-tinisiiz-keri-kajtarylsa-ne-isteu-kerek/

pixel