Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан көз жұмған 16-науқас Жетісай қаласының тұрғыны болған

Опубликовано:

Шымкентте бүгін COVID-19 инфекциясынан көз жұмған 16-қазақстандыққа қатысты жаңа деректер шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайтыс болған науқас Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласының 1954 жылғы тұрғыны.

Зейнеткер Жетісай қаласындағы орталық аудандық ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыста болған.

1 сәуірде марқұм ер адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

4 сәуір күні жағдайының нашарлауына байланысты науқас санавинация арқылы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Түскен кезінде оның жағдайы ауыр, ессіз күйде болған. Сондай-ақ, пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сонымен қатар науқаста вирустық гепатит, бауыр циррозы, қант диабеті, созылмалы панкреатит сияқты қосымша ауыр аурулар болған.

Емдеу хаттамаларына сәйкес науқасқа барлық қажетті емдеу іс-шаралары жүргізіліп, бірнеше рет республикалық мамандармен консультациялар өткізілген.

Алайда жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 15 сәуірде сағат 15:00-де науқас қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850997-koronavirustan-kajtys-bolgan-16-naukaska-katysty-zaa-mlimet-pajda-boldy/

pixel