Ақмола облысындағы қарттар үйіне коронавирусты кім "алып келген"
Опубликовано:
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева Ақмола облысы Малотимофеевка ауылындағы қарттар үйінің тұрғындары коронавирус инфекциясын қайдан жұқтырғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы вице-министр онлайн брифингте мәлімдеді.
"Эпидемологиялық тергеу барысында вирус кімнен тарағаны анықталды. Бұл сол қарттар үйінің қызметкері. Орталық толығымен дезинфекцияланды", - деді ол.
Ақтаеваның мәліметінше, сол уақытта әлеуметтік орталықта 147 қарт пен 74 қызметкер болған.
"Барлығы полимеразды тізбекті реакция әдісімен тексерілді. Қарттар үйінің 38 тұрғыны мен үш қызметкерінен вирус табылды", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.
Науқастар Нұр-Сұлтан, Ақмола облысының Аршалы ауданы мен Көкшетаудағы ауруханаларға жатқызылғаны белгілі болды.
Вице-министр екі қария ауыр хәлде жатқанын алға тартты.
Оның сөзінше, біреуі жасанды тыныс алдырту аппаратына, екіншісі эксракорпоралды оксигенация аппаратына қосылған.
Еске сала кетейік, 15 сәуірде елімізде COVID-19-дан тағы екі адам қайтыс болды. Олардың бірі 1945 жылғы Қостанай облысының тұрғыны мен 1954 жылғы Түркістан облысының тұрғыны.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851055-akmola-oblysyndagy-karttar-jine-koronavirusty-kim-alyp-kelgen/