Алматыда ірі сауда орталықтары мен мейрамханалар қашан ашылады
Опубликовано:
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада көлік жуу, мейрамханалар мен сауда орталықтары қашан ашылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"27 сәуірден бастап біз басқа секторларға көшеміз. Алдағы дүйсенбіде көлік жуу, дөңгелек жөндеу және кеңсе техникасын жөндеу орталықтарын ашамыз деп ойлағанбыз. Бірақ белгілі бір себептермен 27 сәуірге қалдырдық. Сондай-ақ, кір жуатын, химиялық тазартқыш орындары мен үйдің жанындағы шағын дүкендерді қарастырамыз", – дейді қала әкімі.
Сағынтаевтың сөзінше, дегенмен адам көптеп жиналатын орындар әзірге карантинде қала береді.
"Алайда адам көп жиналатын ірі сауда орталықтары, сауда үйлері, үлкен азық-түлік дүкендер мен мейрамханалар мамыр айының ортасына дейін карантиндік режимде болады", – дейді шаһар басшысы.
Еске сала кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылған болатын.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтыру жағдайлары күн санап өсуде. Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1341-ге жеткен.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851146-almatyda-bazarlar-men-mejramhanalar-kasan-asylady/