Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1700-ден асты
Жарияланған күні:
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 35 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1711-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"19 сәуір 23:10-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 35 адам тіркелді, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Қызылорда облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 16, Алматы облысында - 3, Шымкент қаласында - 5, Түркістан облысында - 3, Алматы қаласында - 6", - делінген хабарламада.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 372 адам,
Алматы қаласында – 524 адам,
Қарағанды облысында - 93 адам,
Ақмола облысында - 82 адам,
Атырау облысында - 80 адам,
Жамбыл облысында - 61 адам,
Шымкент қаласында - 67 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам,
Алматы облысында - 44 адам,
Ақтөбе облысында - 27 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам,
Павлодар облысында - 26 адам,
Маңғыстау облысында - 12 адам,
Қызылорда облысында - 148 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 62 адам,
Түркістан облысында - 60 адам,
Қостанай облысында - 15 адам, жалпы 1711 науқас тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851649-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandardy-sany-1700-den-asty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.