Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір тәулікте 145 адам коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Алматыда 21 сәуірде COVID-19-ды жұқтырудың 669 дерегі тіркелді. Қалада соңғы тәулікте 145 жаңа оқиға анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Алматыда тәулігіне 145 адам коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Жаңа жұқтырған 145 адамның 104-і Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері, 12-і №12 қалалық емхананың қызметкерлері, 11-і қазіргі уақытта уақытша орталық болып табылатын қалалық паллиативті көмек орталығының қызметкерлері және бұрын вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 18 адам.

Бүгінгі таңда жұқпалы ауруханаларда 577 адам коронавирустан емделуде, бір науқас Алматы облысының тұрғыны.

"Алты науқастың жағдайы ауыр, тағы екеуінің жағдайы өте ауыр, 168 адамның жағдайы орташа, қалғандарының денсаулығы қанағаттандырарлық деп бағалануда", - делінген ведомство хабарламасында.

88 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда - 352, үй карантинінде - 9950 адам бар.

Алматы қаласы Бостандық ауданы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес № 12 қалалық емхана карантинге жабылды. Ведомствода Орталық қалалық клиникалық аурухананың жағдайы туралы да айтылды.

Стационар таза және жұқпалы аймақтарға бөлінген. Бүгінгі таңда қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек орын ашылды.

Ауруханаға жатқанда науқастарға медициналық көмек тек обаға қарсы костюмдерде көрсетіледі. Емделушілермен коронавирусқа тапсырған сынамалары теріс болып шыққан медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Сынамалары оң нәтиже көрсеткен медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіліп, инфекциялық стационарлар мен бөлімшелерде ем алуда. Әкімшілік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Карантин және жабық кеңістікте болу жағдайында адамдардың психологиялық жай-күйі нашарлауы мүмкін екенін ескере отырып, ұжымда қатынасудың барлық әдістері қолданылады. Қаланың барлық медициналық ұйымдары қажетті жеке қорғану құралдарымен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылықтар ТЖ кезінде аулада жаппай би кешін ұйымдастырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852029-almatyda-tuligine-145-adam-koronavirus-zktyrdy/

pixel