Brent маркалы мұнай бағасы 2001 жылдың деңгейіне дейін құлдырады
Жарияланған күні:
Қара алтын нарығындағы әлемдік жағдайдың тұрақсыздығы жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні кешкісін Brent маркалы эталонды қоспа бағасы кезекті мәрте 2001 жылдың деңгейіне түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2020 жылдың 21 сәуірі Brent маркалы солтүстік теңіздік мұнай бағасы құлдырауы басталды. Таңертең баға 20 доллардан төмен болып, ал күннің екінші жартысында баға бірден барреліне 18,41 долларға (8 002 теңге) дейін құлады.
Алайда 21 сәуір кешкі уақытта мұнай бағасын одан әрі арзандауы күтіп тұрды. Market Watch сайтының дерегіне сүйенсек, түнге қарай мұнай бағасы ағымдағы ғасырдың басындағы деңгейге дейін бірақ құлады. Ол көрсеткіш барреліне 17,9 доллар (7 781 теңге).
Түн ішінде баға аз-маз көтерілгенімен, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7:45-тің кезінде қара алтын бағасы барреліне 18,9 доллар (8 215 теңге) болып тұр.
Айта кету керек, коронавирус пандемиясы мен сұраныстың күрт азаюына байланысты әлемдік нарықтағы тұрақсыз жағдай мұнай бағасын белгілеу тәулік шамасында қарқынды түрде сәт сайын жаңарып жатыр.
Мысалы, 21 сәуір түнге қарай WTI маркалы америкалық мұнай тарихта алғаш рет мамыр фьючерсінің уақытында ең төмен бағаға сатылған.
Еске сала кетсек, Мәскеу биржасындағы сауда ресейлік рубльдің құлдырауымен аяқталды. Оған мұнай бағасының күрт төмендеуі әсер етті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852156-brent-markaly-mnaj-bagasy-2001-zyldy-degejine-dejin-kldyrady/