Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция қызметкерлерін желіде ашық түрде балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

Опубликовано:

Алматыда полиция қызметкерлерін балағаттаған ер адам жауапқа тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерін желіде ашық түрде балағаттаған ер адам жауапқа тартылды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгісіз ер адамның полиция қызметкерлеріне бейәдеп сөздер жаудырып, желіге видео жариялағаны анықталған.

“Атап айтқанда, А.азамат өзінің инстаграмдағы парақшасында бірнеше рет бейәдеп сөздер қолданған видеосын жариялады. Ол еш қынжылмастан кадрда бірнеше рет былапыт сөздер қолданған.
Жазаның еріксіздігі принципін ұстана отырып, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы – билік өкілін қорлауға сәйкес жазаланады. Бұл іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Қылмыстық істі ПД тергеу басқармасы жүргізеді. Бүгін азамат қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Видео авторы артынша өз іс-әрекеті үшін полиция қызметкері мен халықтан кешірім сұрады.

"Өз іс-әрекетіммен мен Қазақстан барлық азаматтарынан және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Сіздерден мені түсініп, кешіргендеріңізді қалаймын. Мен Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасындағыдай заңның алдында толық жауап беруге дайынмын. Кешіріңіздерші, өтінемін”, – деді ол.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұстау кезінде полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен елорда тұрғыны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852252-policia-kyzmetkerlerin-zelide-asyk-trde-balagattagan-er-adam-zauapka-tartyldy/

pixel