Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абай болу керек": Бас санитар Рамазан айына және оразаға қатысты кеңес берді

Жарияланған күні:

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Рамазан айында COVID-19 вирусын жұқтырудың алдын алу үшін халыққа бірнеше пайдалы кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бас санитар оразаға қатысты кеңес берді
Фото: pixabay.com: UGC
"24 сәуірден бастап қасиетті Рамазан айы басталады. Осы ретте коронавирус инфекциясының ауа, тамшы арқылы таралатынын еске салғым келеді. Адаммен жақын байланыста болған уақытта, түшкіру немесе жөтелу, әңгімелесу кезінде, гигиенаны сақтамай вирус жұққан заттарды ұстағанда да коронавирус жұғуы мүмкін.

Рамазан айында әдетте адамдар топтаса жиналып, бір-біріне қонаққа барады. Алайда биылғы жыл өздеріңіз көріп отырғандай ерекшеленіп отыр.

Себебі бәріміз де қазір індетке қарсы күресіп жатырмыз. Сол себепті Рамазан айында да бізге коронавирустың алдын алу үшін жиналмауға тура келеді",– деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында денсаулық сақтау министрлігі өзара жақын қарым-қатынастарды азайтып, көпшілікке ауызашар жасамауға, мешітке жиналмауға кеңес береді.

"Ораза ұстаған кезде де абай болу керек. Мәселен жасы келіп қалған немесе ауруы бар азаматтар сақтанбаса коронавирус инфекциясының ауыр түрін жұқтырып алуы мүмкін. Ағзаға ақуыз бен майлар, витаминдер жеткілікті дәрежеде келмесе – иммунитеттің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін.
Артынша иммунитет әлсіреген кезде адам инфекцияны тез қабылдауы мүмкін. Сол себепті ораза ұстағысы келетін азаматтар тамақтың толыққанды рационын тұтынуы тиіс",– деді бас санитар.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бұдан дейін де азаматтарды үйде болуға, коронавирустың алдын алу ережесін сақтауға шақырған еді және осы жолы да вирус жұқтырудан мұқият қорғануға кеңес берді.

Айта кету керек, Ислам діні ораза ұстауға шамасы келмейтіндерге жеңілдік береді. Яғни, кейбір мұсылмандар оразаны Рамазан айынан басқа бір уақытта ұстаса, басқалары оның орнына підия беріп, "ауыз бекітудің" ауыртпалығынан босатылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852340-bas-sanitar-orazaga-katysty-kees-berdi/