Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандарбек Бекшин маска жайлы айтқан сөзін түсіндіріп берді

Опубликовано:

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин медициналық бетперде туралы жазба жариялады. Оның айтуынша, кейбір БАҚ өкілдері дәрігердің айтқысы келген ойын басқаша жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин маска жайлы айтқан сөзін түсіндірді
Фото: pixabay.com: UGC

Бұған дейін Бекшин коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жайлы сөз қозғағанда медициналық бетперде тағу жайлы да айта кеткен болатын.

Мегаполистің бас санитары Fаcebook парақшасында маска тағу керек екенін және бұл талапты сақтау қажет екенін баса айтты.

Бекшиннің айтуынша, медициналық бетперде тағу әлем елдерінің тәжірибесінде бар және бұл – алдын алудың негізі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері коронавирустың қалай жұғатыны туралы айтып, сондай-ақ кәсіпорын басшылықтарына кеңес беріп, кассирлердің қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуіне баса назар аударды.

Сондай-ақ Бекшин оңтүстік астанада эпидемиолог дәрігерлердің жетіспеушілігін айтты. Ол қалаға шамамен тағы 40 қызметкер керек екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгінгі ақпарат бойынша Алматыда медицина саласының 383 қызметкері коронавирус жұқтырған. Жандарбек Бекшин бұл дәрігерлер коронавирусты қалай жұқтырып алғаны туралы жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық тексерудің аралық қорытындысын айтты.

Қалада барлығы 693 адам, елімізде 2070 науқас тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852347-beksin-maska-zajly-ajtkan-szin-tsindirip-berdi/

pixel