Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асқазанға күш түседі": Диетолог ауызашарда палау жемей, дұрыс тамақтануға шақырды

Опубликовано:

Instagram желісіндегі танымал диетолог Нұрила Азизқызы қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза тұтатын халықты дұрыс тамақтануға шақырды. Маманның айтуынша, ораза кезінде дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына пайдасы орасан зор. Одан бөлек, сәресінен кейін бірнеше сағат бойы қажетті энергияны алып, тез шаршап қалмау үшін тағамды сауатты таңдай білу керек. KAZ.NUR.KZ ораза қарсаңында диетолог маманның пікірімен бөліседі.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Барша мұсылман қауымы асыған күткен Рамазан айы да келіп жетті. Бұл айдың сауабы мен қасиетін халық біледі деген ойдамын. Мен диетолог ретінде ауыз бекітетін жандарды дұрыс тамақтануға шақырғым келеді. Ораза ұстау арқылы Алла алдындағы күнәдан арылып қала қана қоймай, денсаулықты жақсартып, қан айналымын реттеп, денедегі артық шлактардан құтылуға мүмкіндік бар. Ораза кезінде дұрыс тамақтануға саналы түрде кірісу қажет", - дейді Нұрила.

Диетологтың айтуынша, ауыз бекітушілер калорияны әдеттегіден тым төмендетіп жібермеу қажет.

"Егер адам оразаға дейін күніне 2000 калория тамақ жесе, ораза кезінде шамамен 500 калориядан ғана азайтуы тиіс. Сол кезде біз ағзаға стресс бермейміз. Мәселен, сәресіне күніне 8-9 сағат бойы күш беретін тағамдарды жеу қажет. Сонымен қатар, күніне 2 литр су ішу керектігін ұмытпаймыз. Ораза кезінде де судың мөлшерін төмендетпеуге болады. Ол үшін сәресіне ертерек тұрып, су ішіп алыңыз.
Ауызды сумен ашқан соң, тамақты жарты сағаттан соң жеген дұрыс. Ал ауыз бекіткенге дейін жүрек жалғайтын кезде тағы да су іше беріңіз. Бірақ сәресі мен ауызашарды ағзаға пайдалы тағамдардан құрағаныңыз жөн. Егер сәресіне бір печенье жеп, ауызашарға бешбармақ, палау дайындайтын болсаңыз, мұны асқазан дұрыс қорытпайды да, артық май жинала береді", - дейді ол.

Нұрила Азизқызы ораза кезінде дұрыс тамақтану үшін төмендегі тағамдар тізімін қолдануды ұсынады.

Сәресі: құрма, сұлы жармасы, банан, жаңғақтар, сиыр еті қосылған қарақұмық, қара нан, ірімшік, майсөк тары, сұлы жармасынан жасалған құймақ, сүт, жеміс-жидектен жасалған смузи;

Ауызашар: құрма, көкөніс қосылған тауық еті, ірімшік қосылған котлет, көкөніс салаттары, чечевица сорпасы, ірімшік қосылған фаршталған бұрыш, пеште піскен балық пен көкөніс, жылқы еті, сорпа;

Жүрек жалғау: айран, цитрусты жемістер, балғын салат, табиғи йогурт, қаймақ, сүзбе, жасымық қосылған айран.

Диетолог маман ораза кезінде шайдың орнына қайнаған су ішкен дұрыс екенін айтады. Сонымен қатар, жүрек жалғайтын тамақты ауызашардан соң 2-2,5 сағатта жеген пайдалы.

Еске сала кетейік, қасиетті Рамазанға бір күн қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852371-askazanga-ks-tsedi-dietolog-auyzasarda-palau-zemej-drys-tamaktanuga-sakyrdy/

pixel