Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

43 жыл бала сүйе алмаған зейнеткер 68 жасында егіздерді дүниеге әкелді (фото)

Опубликовано:

Нигерияның Лагос қаласында 68 жастағы әйел адам егіздерді дүниеге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

43 жыл бала сүйе алмаған әйел 68 жасында егіздерді дүниеге әкелді
Фото: Lagos University Teaching Hospital: UGC

Маргаретт Аденуга және оның 70 жастағы күйеуі Ноа Аденуга 43 жыл бойы сәби сүйе алмай келген.

Маргаретт төрт рет жасанды ұрықтандыру процедурасын жасатқан, алайда оның тек соңғысы сәтті шыққан.

Жүктіліктің 37-ші аптасында (жүктіліктің қалыпты ұзақтығы шамамен 38 апта). дәрігерлер Маргаретке кесар тілігін жасауды ұсынған. Осылайша, бірі - ұл, бірі - қыз егіздер дүние есігін ашады. Қазір анасының да, жаңа туған нәрестелердің де жағдайы жақсы.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Үндістанда 57 жыл бойы бала сүйе алмаған 74 жастағы зейнеткердің егіз қыздарды босанғанын хабарлаған едік. Эрраматти Мангаяммаға да кесар тілігі жасалған.

Белгілі болғандай, қарт кісі ешқандай қант диабеті және гипертензия сияқты медициналық аурулары болмағандықтан бала көтере алған.

Айта кету керек, 2017 жылы Үндістанның Амритсар қаласының тұрғыны алғашқы рет 72 жасында ана атанып, жүктіліктен кейін денсаулығы нашарлаған еді.

Әжейдің қан қысымына, әлсіз буындарына зақым келген. Дегенмен зейнеткер осы жасында бала сүйгеніне еш өкінбейтінін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852379-43-zyl-bala-sje-almagan-zejnetker-68-zasynda-egizderdi-dniege-keldi-foto/

pixel