Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Банк Хоум Кредит» басшысы ТЖ кезінде клиенттерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты

Опубликовано:

Қаржылық ұйымның басқарма төрағасы Карел Горак ТЖ кезіндегі банк қызметі, клиенттерге көрсетілетін көмек және әлеуметтік төлем туралы айтып берді, деп хабарлайды Forbes.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Хоум Кредит Банкінің» басшысы ТЖ кезінде клиенттерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты

Банктегі жағдай

«Пандемия жарияланбай тұрып, «Home Credit» тобының осыған ұқсас жағдайларда жұмыс істеу жөнінде біраз тәжірибесі болған еді. Біз әлемнің 10 елінде қызмет ұсынамыз. Олардың қатарында Қытай елі де бар. Аспанасты еліндегі әріптестерімізбен алған біліміміз жаңа онлайн жағдайында жұмыс істеуге тез арада бейімделуге мүмкіндік берді. Бұл бәсекелестермен салыстырғанда үлкен артықшылық. Дегенмен, банктің барлық қызметін сандық форматқа ауыстырудың іргетасы бұдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған болатын.

ТЖ енгізілген уақытта біздің клиенттер несиені алу және төлеу, тегін аударымдар жасау, депозиттер мен шоттарды ашу мен толтыру, карталарды үйге алдырту, валюта аударымдарын жасау секілді көптеген қызмет түрлерін пайдаланып келді. Мұның барлығы Home Credit Bank Kazakhstan мобилді қосымшасы арқылы жүзеге асуда. Жалпы, орын алған жағдай барлық нарықтың сандық жүйеге көшуіне үлкен түрткі болады. Бұрын бөлімшелерге барып қызмет алатын көптеген қазақстандықтар қашықтан қызмет ала беретін болады.

Айта кету керек, карантин енгізілген кезден бастап қазірге дейін қосымша қолданушылар саны 15%-ға өскен. Орындалған операциялар көлемі өткен аймен салыстырғанда 45%-ға ұлғайды. Бұдан бөлек, бірінші маусымдағы берілген онлайн-несиелер үлесі банктегі барлық несиелер бойынша рекорды көрсеткіш - 23%-ға жетті. Қосымшаны пайдаланушылар саны да рекордты көрсеткішке жетті. Осы айда оны 1 миллионнан артық адам қолданыпты. Десек те, біздің бөлімшелер ӘДҰ (Әлемдік денсаулық сақтай ұйымы) ұсынып отырған алдын алу шараларын сақтай отырып жұмыс істеуде.

Клиентттерді қолдау жөнінде

Қазіргі күні банк үшін және жеке мен үшін қызметкерлермен бірдей дәрежеде маңызды болып тұрған мәселе – клиенттер мен олардың отбасының қамы. Біріншіден, 16 наурыз бен 15 маусым аралығында клиенттерге кешіктірілген несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды. Бұл негізгі қарыз бен сыйақыға қатысты. Сонымен бірге, 90 күннен артық кешіктірілген несиелер бойынша ТЖ кезінде тағайындалған сыйақылардыың күшін жоямыз.

Бұл үшін клиенттер үйден шығып, банк бөлімшесіне келмей-ақ қойса болады. Біз барлығын өзіміз реттейміз. Екіншіден, 16 наурыз бен 15 маусым аралығында банк жеке тұлғалардың екі тобы бойынша несиелерді төлеу мерзімін ұзартады. Бірінші топқа жергілікті жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған әлеуметтік тұрғыдан жағдайы төмен отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жұмыссыздар жатады.

Екінші топқа ТЖ енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы төмендеген клиенттер жатады. Олар карантин салдарынан жұмыс істей алмайтындарға, ақысыз демалысқа жіберілгендер, қысқартуға тап болғандар, сонымен бірге жалақы көлемі азайғандар немесе мүлдем тоқтап қалғандар және т.б. Несие төлеу мерзімін кейінге шегеру үшін клиенттер өтініш берсе болды.

Бұл өтінішті үйде отырып, мобильді қосымша, WhatsApp немесе банктің колл-центрі арқылы беруге болады. Толық ақпаратты біздің сайттан да алуға болады. Үшіншіден, үйде отыру жайлы әрі пайдалы болу үшін «HomeCreditOtbasy» промокодын іске қостық. Промокод арқылы клиенттер мен оларды отбасы біздің онлайн-серіктестеріміздің науқандық ұсыныстарға қол жеткізе алады.

Олардың ішінде тамақ жеткізу қызметтері, білім беру ресурстары, фильмдер ұыснатын ресурстар және такси шақырту қызметі бар. Қосымша ретінде біз қазақтандықтарға Glovo, Arbuz, Яндекс.Еда, Dodo Pizza, Chocofood, Megogo және Netflixсекілді қызмет түрлеріне 10%-дық кешбэк ұсынып отырмыз. Науқан туралы толығырақ сайттан білуге болады. Одан бөлек, ірі халықаралық топтың мүшесі бола отырып, біз ел тұрғындары алдындағы жауапкершілікті толық сезініп отырмыз.

Халықаралық орналасудың арқасында, банк Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде Қытайдан медициналық қорғаныс материалдарын жеткізуды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

42 500 теңгеге келер болсақ, Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы клиенттеріміз төлем алуға арналған шот аша алады. Бұл тез-ақ жасалатын дүние.

От тегін ашылады. Бөлімшеге келудің де қажеті жоқ. Қажет жағдайда отты евро немесе доллармен де ашуға болады. Ақаны шешіп алу үшін клиенттер Home Card дебеттік картасын қолдана алады. Ол да онлайн түрде рәсімделіп, клиенттің үйіне жеткізіледі. Жеткізу қызметі 17 қалада қолжетімді. Ал банк клиенті емес тұрғындар ағымдағы шот ашып, әлеуметтік төлемді ала алады», - деді банктің топ-менеджері өз сұхбатында.

Қорытындылай келек, банк басшысы клиенттерге, қызметкерлерге және қазақстандықтарға жақсы көңіл-күй тілеп, өзі мен отбасына қамқорлық көрсетуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852417-bank-houm-kredit-bassysy-tz-kezinde-klientterge-kandaj-koldau-krsetiletinin-ajtty/

pixel