Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі": Тоқаев қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Опубликовано:

Қазақстан президентің ресми сайты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша қазақтандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтау сөзін жария етті деп хабарлайды KAZ .NUR.KZ.

Тоқаев қасиетті Рамазан айымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: UGC
"Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.

Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. 

Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - делінген құттықтау мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде екі аптаның ішінде салынған елордадағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852621-tokaev-kasietti-ramazan-ajymen-kttyktady/

pixel