Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тест алмады": Қыздардың жүрегін жаулаған Димаш Әділет коронавирус жұқтырды

Жарияланған күні:

Қаншама қыздың арманына айналған қазақстандық сері жігіт Димаш Әділет коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы танымал блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Әділет коронавирус жұқтырып алды
Фото: Instagram/ dimashadilet: UGC

Димаштың өзі әлеуметтік желіде бір ай көлемінде бой көрсетпеген.

Күні кеше блогер жігіт "жоқ болып кетуінің" себебін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірді.

"Денсаулығым үшін алаңдағандарыңызға рахмет. Пандемия басталғаннан бері мен жаңа коронавирусты мұқият зерттедім. Әлеуметтік тәртіпті ұстану, үйде отыру, респиратор тағу, сондай-ақ азық-түлік алуға шыққан сайын қолды залалсыздандыру сынды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған алдын алу шараларын сақтадым.

Бірақ, бір айдан аса уақыт бұрын менде COVID-19 инфекциясына тиісті жеңіл белгілер байқала бастады.

Уайымдаған жоқпын, алайда кейіннен үшінші тұлға арқылы COVID-19 тесті оң нәтиже көрсеткен бірнеше адаммен байланыста болғанымды білдім. Әрине, бірден өз дәрігеріме хабарласып, Швейцариядағы Женева қаласына ауруханаға тексерілуге келдім.

Өкінішке қарай, Швейцариядағы коронавирус инфекциясына тестілеуге енгізілген шектеулерге байланысты менен тест алған жоқ. Себебі, менің жасым 65-тен аспаған және созылмалы ауруларым, белгілік асқынулар болған жоқ.

Дегенмен, ақ халаттылар менде байқалған белгілер мен өздерінде бар ақпаратқа сүйене отырып, мені COVID-19 инфекциясын жұқтырды деп шешті",- деп жазды ол.

Блогер денсаулығына қатысты ақпаратпен тағы да бөлісуге уәде берді.

Айта кетейік, пандемия кезінде коронавирус инфекциясы анықталған адамдар саны 2,7 миллионнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852629-test-algan-zok-setelde-tratyn-dimas-dilet-koronavirus-zktyryp-aldy/