Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі жерде жұмыс істесеңіз, 42 500 теңгені қалай алуға болатынын білесіз бе

Опубликовано:

Күн сайын 42500.enbek.kz сайтына әлеуметтік төлемдер туралы өтініштерден басқа, мыңдаған өтініш мен сұраулар мен қаражат бөлуден бас тарту себептері, өтініштердің дұрыстығы және мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі жайлы сұрақтар келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Егер сіз екі жерде жұмыс істесеңіз, 42 500 теңгені қалай ала аласыз
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

24 сәуірдегі жағдай бойынша сайт шамамен 232 мың сұраным алды.

Оның ішінде, тек 23 сәуірде 25 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 20 мыңнан астам өтініш берушіге жауаптар дайындалып, жіберілген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" қызметкерлері әр өтінішті жеке қарастырады.

Көбінесе азаматтарға жүгінген кезде жіберілген қателіктерді түзетуге көмек көрсетіледі, сондықтан барлық мұқтаж адамдар қажетті көмек ала алады.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ 2 немесе одан көп кіріс көзі бар азаматтарға 42 500 теңге төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде орталық мамандары өтініштердің арнайы санатын бөліп шығарады.

"Мұндай азамат өтініш жіберген кезде, жүйе оны қолданыстағы мәліметтер базасына қарап тексереді және оның екі немесе одан да көп ұйымдардан кірісі барын біледі. Белгіленген ережелерге сәйкес, жүйе мұндай азаматтардан автоматты түрде бас тартады.

Алайда егер адамды өзі қызмет ететін барлық ұйымдар ақысыз демалысқа жіберсе, демек, бұл оның кіріссіз қалғанын және мемлекет тарапынан көмек алуға құқығы бар екенін білдіреді.

Мұндай жағдайларда біз азаматтың жұмыс істейтін барлық ұйымдардан ақысыз демалысқа шыққанын растайтын анықтаманы алуы керек екенін нақтылаймыз. Содан кейін ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш жазып, барлық куәліктерді қоса беруі керек", - деп түсіндірді орталық маманы Жанболат Данияров.

Еске салайық, азаматтардың 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініштерін қарау, тағайындаудан бас тарту себептерін анықтау және Қазақстан Республикасы үкіметінің төлемдерді жүзеге асыру туралы ақпараты толық ұсынылмаған жағдайда қосымша ақпарат беру кезінде 3 тармақ анықталды:

Заңгерлік кеңес берілетін "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ мемлекеттік корпорациясының 1414 байланыс орталығы өтініш берген адамның мәртебесін және әлеуметтік төлемдер алу құқығын, сондай-ақ төлем туралы ақпаратты анықтайды;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен тікелей жұмыс істейтін "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ корпорациясының 1411 байланыс орталығы, e-mail: 42500@gfss.kz азаматтарға төлем тағайындау, төлемді кешіктіру себептері және бас тарту туралы ақпарат береді.

42500.enbek.kz сайты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 42500@enbek.kz электрондық поштасы, азаматтардың төлемдерге қатысты барлық мәселелер бойынша өтініштерін қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңгені екінші рет кімдердің алмайтынын хабарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852662-eki-zerde-zmys-isteseiz-42-500-tegeni-kalaj-aluga-bolatynyn-bilesiz-be/

pixel