Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей тұрғыны Қазақстанда коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Ресей Федерациясының 64 жастағы азаматы Қазақстан астанасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей тұрғыны Қазақстанда коронавирустан қайтыс болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Өкінішке қарай, 24 сәуірде бір өлім тіркелді. Науқас 64 жаста еді. 2020 жылдың 15 сәуірінде оны жедел медициналық бригада ауруханаға алып келді. Ауруханаға түскеннен бері жағдайы өте қиын болды. Өкпені жасанды желдету үшін жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқаста коронавирус инфекциясы бары анықталды", - деді Бахтияр Макен.

Ол әйелдің жағдайы екі жақты пневмонияның салдарынан асқынғанын атап өтті. Қабылдау сәтінен бастап созылмалы обструктивті өкпе ауруы және қант диабеті сияқты қатар жүретін ауруларға байланысты науқастың жағдайы нашарлаған.

Коронавирусты диагностикалау және емдеуге арналған клиникалық хаттамаға сәйкес ем де алыпты.

Күнделікті кәсіби мамандардың қатысуымен кеңестер өткізілген. Бірақ қарқынды терапияға қарамастан сағат 10: 40-та науқастың жүрегі тоқтаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтанда коронавирустан үш адам қайтыс болды.

24 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының 2334 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 560 адам сауығып, 22 адам қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852695-resej-trgyny-kazakstanda-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel