Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты тоқтататын жалғыз амал табылды

Опубликовано:

Ғалымдар COVID-19 пандемиясын жеңуге болатын жалғазды жолды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Коронавирусты тоқтататын жалғыз амал табылды
Фото: pixabay.com: UGC

Мамандардың дерегіне сүйенсек, коронавируспен ауырып, жазылып шыққандардың иммунитеті төзімді болмайды.

Ииммунология профессоры Эрик Вивьенің айтуынша, вирусқа қарсы заттарды қажетті көлемде жинау үшін ағзаға үш аптаға жуық уақыт керек. Алайда мұның өзі ағзаны бірнеше айдан артық уақыт қорғай алмайды.

Лондондағы университеттік колледждің генетика институтының директоры Франсуа Баллудың айтуынша, коронавирусты қайта жұқтырған жағдайлар анықталған. Оның ойынша, бұл – вирус науқастың ағзасынан жоғалып кетпей, әрекетсіз және белгілерсіз қалғанының белгісі. Мәселен "созылмалы инфекция" герпес сияқты.

Сондықтан мамандар вирус болашақта өз-өзінен жоқ болып кетеді дегенге күмәнмен қарайды.

"Қазіргі кездегі жалғыз шешім – бұл вакцина", – дейді Перттегі Кертин университетінің профессоры Арчи Клементс.

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар үш миллионға жуықтады.

Ал соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717-ге жеткен. Олардың 682-і ауруынан айықса, 25 -і қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852987-koronavirusty-toktatatyn-zalgyz-amal-tabyldy/

pixel