Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ауыл тұрғындары өз күштерімен блокпост жасап алған

Жарияланған күні:

Павлодар облысында ауыл тұрғындары өз күштерімен бақылау-өткізу бекетін жасап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Павлодар облысында ауыл тұрғындары өз күштерімен бақылау бекетін жасап алды
Видеодан кадр: Хабар 24: UGC

Ерекше блокпост өңірдің Шарбақты ауданында пайда болған. Ол Орловка ауылына кіреберісте орналасқан.

Блокпост карантиндік талаптарға сай келеді. Өткізу пункті, шлагбаум және өңдеу аймағы бар. Бірақ ондағы қызметтерді ауыл тұрғындары атқарады. Олар волонтер ретінде тіркеліпті. Ауылға кірген көліктер дезинфекциялық препараттармен өңделеді.

Ал жолаушылар мен көлік жүргізушілері туралы мәліметтер журналға тіркеледі.

Бастаманы жергілікті қауымдастық көтеріпті. Материалдық шығындарын ірі шаруа қожалығы өз мойнына алған.

"Менің ойымша, мұндай блокпост әрбір ауылдық округте болуы шарт. Сонда ғана тәртіп орнайды. Карантин кезінде адамдардың себепсіз жүруіне болмайды", - дейді ауыл шаруашылығы кәсіпорны басшысының орынбасары Николай Афанасьев.

Орловка ауылында блокпост құрылғаны туралы Шарбақты ауданындағы жедел штабқа хабарланған. Бірақ ресми тіркеуге алынбапты. Өйткені тепловизормен жұмыс істейтін медицина қызметкері жоқ.

"Бізде жалпы аудан бойынша тіркелген екі блокпостымыз бар. "Шарбақты – Павлодар" жол үстінде және "Шарбақты – Шалдай" жол үстінде. Бұл блокпост бойынша жергілікті атқарушы органдар өздерінің ұсыныстарын берген болатын. Дәрігерлерді енді түскі уақытта да қойып қоятын боламыз. Оған мүмкіндігіміз жеткілікті", - дейді Шарбақты аудандық жедел штабының мүшесі Ризагүл Неғманова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы 13 сәуірден бастап карантинге жабылаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852993-pavlodar-oblysynda-auyl-trgyndary-z-ksterimen-blokpost-zasap-algan/