Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт өсіп кетуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін.
Әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Тіпті, кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін байқадық. Сондықтан олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайды.
Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар.
Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды. Осы кезеңнің де асыл мұраты – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат екенін білесіздер.
Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынды. Сондықтан осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі", - деді президент.

Мемлекет басшысы алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келетінін атап өтті.

"Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853068-tokaev-knni-zylynuy-men-karantinnen-sarsagandyk-zauapsyzdykka-sebep-bolmauga-tiis/

pixel