Қызылордада коронавирустан алғашқы пациент жазылды
Опубликовано:
Бұл пациент Қызылорда қаласының тұрғыны. Ол 2020 жылдың 1 наурызында Оңтүстік Кореядан келіп, 14 күндік карантиндік бақылауда болды.

Карантин кезінде қандай да бір өзгерістердің болмауына байланысты ол үй жағдайында бақылауда болады.
26 наурыз күні аймақтық емханаға дене қызуына шағымданған. Тексеру кезінде коронавирус инфекциясының белгілері анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Науқастан COVID-19 вирусының зертхана талдамасы расталып, клиникалық хаттамаға сәйкес ем жүргізілді.
Бүгін, 13 сәуір күні науқастан екі рет қайталама зертхана талдамасы алынып, нәтиже расталмады. Қазір жағдайының қанағаттанарлық болуына байланысты үйіне шығарылып жатыр. Пациент 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853164-kyzylordada-koronavirustan-algasky-pacient-zazyldy/